Мен, Тлеулиев Алмас  Бекенович  21 қаңтар  1985 жылы  қарапайым инженер механик пен  мұғалімнің жанұясында дүниеге келдім.
1991 жылы Шырғанақ орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, сол жылы қазан айында  2 (екінші)  сыныпқа  ауыстырылдым. Мектепте  оқу барысында, әр түрлі интеллектуалдық  жарыстарға  қатысып, жүлделі орындарға ие болдым.
8-9 сыныпта  сызу пәні  бойынша  аудандық  олимпиададан  жүлделі бірінші орынға ие болдым.   10 сыныпта  «Биология пәні» бойынша аудандық олимпиадада  2 ші орын,  11 сыныпта аталған  пән бойынша  «Ынталандыру»  жүлдесін  иелендім.  9 шы сыныпта Өлкетану пәнінен  «Ауданымыздағы тарихи қалалар »  тақырыбы бойынша Кіші –ғылым академиясы  өткізген  аудандық, облыстық және республикалық ғылыми - практикалық  конференцияда жүлделі бірінші орынды иелендім. 10-11 сыныпта  «Биомедицина» секциясы бойынша  «Шырғанақ өсімдігі, емдік қасиеттері және шырғанақ майын үй жағдайында дайындау, тәжірибеде қолдану» тақырыбы бойынша жоғарыда  аталған аудандық, облыстық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияның жүлделі II ші және I ші дәрежелі дипломдарын иелендім.
2002 жылы білім гранты бойынша  С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің  педиатрия факультетіне қабылданып, 2008 жылы  аталған университеттің  негізгі білім деңгейін аяқтап, 2009 жылы жалпы тәжірибелік дәрігер  мамандығын  алдым.  Университетте оқу барысында  2005-2008 жылдар арасында  Алматы қаласындағы  Орталық қалалық клиникалық аурухананың  реанимация бөлімінде  мейіраға, 2008-2009 жылдары «МедЭкспресс-К» медициналық орталығында  кезекші дәрігер  қызметтерін атақардым.
2009 жылы  Райымбек аудандық орталық ауруханасына дәрігер болып жұмысқа қабылдандым. Сол жылы неврология мамандығы бойынша қайта даярлықтан өттім, 2010 жылы  емхана меңгерушісі, бас дәрігердің  халыққа медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру  жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарып, сол жылдың желтоқсан айында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстым. 2014 жылы анестезиология – реаниматология   мамандығы  бойынша  қайта даярлықтан өттім. 2014 жылдың тамыз айынан бүгінгі күнге дейін Райымбек ауданы Нарынқол ауылының аудандық ауруханасының  директоры  қызметін  атқарудамын.
Отбасылымын, үш балам бар.