Райымбек ауданы ШЖҚ Нарынқол ауылының «Аудандық ауруханасы» МКК  тарихы 20 ғасырдың 20 – шы жылдарынан бастау алады. 1920 -1922 жылдары Алматы облысы Нарынқол ауданы Орталық ауруханасы ретінде құрылған аурухананың алғашқы басшысы дәрігер Л. Завалишин болған. Кейінгі жылдары аурухананы Төлешов, Хамраев деген дәрігерлер басқарған. 1965-1977 жж аралығында аурухананы Ленин Ордені иегері, дәрігер Алимов Мұхтар Алимович басқарған. 1977-1988 жж аралығында Алдибеков Болат Алдибекович басшылық еткен. 1988 жылдан Турбеков Нұрмағамбет Турбекович басқарған. Кейінгі жылдары аурухана Жанботаев Есжан Абдраимович,Мұқажанов Қапар Жұмаханович, Естеусизов Нұрқожа Таутаевич секілді дәрігерлердің басшылығымен жұмыс жасаған. 1988 жылы аурухана ғимараты жаңадан салынып, 3 қабатты аурухана терапия, балалар бөлімі, перзентхана бөлімдерімен жабдықталған. Ауруханаға еңбегі сіңген Кеңес Одағы дәрігерлері өте көп. Атап айтсақ, Жазықбаев Клим Когенбаевич, Лешов Секен, Смагулов Жеңіс Смагулович, Долматов Жорабек Болатович, Балапанов Абай Балапанович, Утемисов Ораз Утемисович, Жамашев Қуат, Уалибаев Оқан. Міне, аталған дәрігерлер аурухананың бөлімшелерінде адал қызмет етіп, еңбек демалысына шыққан. Сонымен қатар, еңбек жолын ауруханадан бастап, кейін республикамыздың денсаулық сақтау ісіне зор еңбек сіңірген дәрігерлерді айтуымызға болады. Олар:
Баспақов Абай Смайлович – Қазақ СССР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған.
Машкеев А.К. – С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина институтының ректоры қызметін атқарған.
Құланбаев М. – профессор, С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина Институтының хирургия кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. Омарова К. О. – м.ғ.д., Республиканың бас балалар гематологы.
Омаров Т.О. – профессор, м.ғ.д., Туб. Институттың бас фтизиатры қызметін атқарған. Белых А. А. – Сарыбастау дәрігерлік емханасында қызмет еткен дәрігер, кейін м.ғ.д., С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина Институтының госпиталды терапия кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. КСРО Денсаулық сақтау саласының үздіктері:
Кенебаева Бихан Кенебаевна
Алдибекова Айнажан Алдибековна
Аленова Қамаш
Оспанов Ануар
Елемесова Нағима Елемесовна – Даңқ Орденімен, Батжанов Нурадил - Еңбек Қызыл Ту Орденімен марапатталған.
2014 – 2015 жыыөлдар аралығында ШЖҚ Нарынқол ауылының «Аудандық ауруханасы» МКК директорының міндетін уақытша атқарушы Тлеулиев Алмас Бекенович тағайындалған.
2015 ж 19 наурыздан Алматы Облысы Денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесі ШЖҚ Нарынқол ауылының «Аудандық ауруханасы» МКК директоры қызметіне Тлеулиев Алмас Бекенович тағайындалды.
Аудандық аурухана ғимараты  1988 жылы салынған. 3 қабатты аурухана ғимаратында  терапия, реанимация, хирургия, балалар, инфекциялық аурулар, гинекология және перхентхана бөлімі орналасқан. Селолық округлер бойынша Сүмбе ауылдық ауруханасы, Тегістік дәрігерлік емханасы, Сарыбастау дәрігерлік емханасы, Қызыл шекара дәрігерлік емханасы, Қақпақ дәрігерлік емханасы, Қайнар дәрігерлік емханасы, Жамбыл дәрігерлік емханасы, Текес дәрігерлік емханасы,  Қаратоған фельдшерлік пункты жұмыс жасайды және стационарлық  көмек Нарынқол аудандық  ауруханасында -  100 төсек, Сүмбе 20 төсекте көрсетіледі.
Денсаулық сақтау мекемелерінде 61,7 дәрігерлік штатта 46 дәрігер түрлі мамандақта еңбек етуде, яғни аудан бойынша дәрігермен қамту 10000 тұрғынға 14,0 (облыс 23,0 РК – 31,4) дәрігерден келеді.  180  орта  буын  медицина қызметкерлері  жұмыс  істейді. 10000 тұрғынға  168,75 мейірбике қызмет көрсетеді.
Қазіргі таңда қызмет етіп жүрген дәрігерлер Тұңғышбаева Б., Сатыбалдиева С.- Қазақстанның денсаулық сақтау үздіктері. Таласбаев И.Т. , Оспанов А.Ж. – Шапағат медалінің иегерлері.

Райымбек ауданы ШЖҚ Нарынқол ауылының «Аудандық ауруханасы» МКК директоры -  Тлеулиев Алмас Бекеновичтың өмірбаяны.